АСЫЛ АНА ЗЕЙНЕБ ХУЗЕЙМА ҚЫЗЫ

Мұқтаждар мен міскіндердің анасы, мейірімділік пен қайырымдылық анасы.

30217f1.jpg
Ол Пайғамбарымыздың үйінде сегіз ай тұрып, дүние салған. Зейнеб Бәдір соғысында шейіт болған. Убайда ибн Харис ибн Абдулмутталибтің жесірі еді. Зейнеб күйеуі шейіт болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, олардың жарақаттарын таңып көмектескен. Күеуінің қазасы оның өз міндетін орындаудан тоқтатқан жоқ. Зейнебтің төзімділігін, сабырлылығын, табандылығын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с) күйеуінен айырылған оған сүйеніш болу мақсатымен өзіне некелеп, оны «мүміндердің анасы» дәрежесіне көтерді.
Оқуды жалғастыру

Сән үлгі

Бұл клип блоггер Ботамыздың жасаған туындысы еді. Жамылған қыздардың суреттер жинағы мен түрік киносы Маусым түні (Haziran gecesi) Жаңбыр (Yağmur) атты өлеңімен оранжировкасын жасаған.

Кәсра

Кәсра дегеніміз жуан дыбыстарда «ы», жіңішке дыбыстарда «и» болып оқылады. Ол белгі әріптің астына қойылады. ـِ

Және тағы бір дәріс ол да түрік тілі сайтынан алынған, жалғасы десекте болады. Дәліректе DERS 5 деген жазуы бар соны басасыз. Жаттығу шығады.

Фатханың жалғасы

Тағы да жаттығулар тауып осы жерге қойғалы жатырмын. Бірақ сайт түрік тілінде. Сіз осы түрік сайтына кірсеңіз онда ders 1, 2,3,4,5,6,7,8 еген жазуларды көресіз, сіз ders 4 деген жазуға кіріңіз. Мониторда көк түсті арабша жазуы бар тақшаны көресіз. Сол тақшада жазылған әрбір сөздің үстіне тышқанды апарсаңыз, арабша оқылуы және астына латынша транскрипциясы шығады. Егер сіз түрікше білсеңіз оңай түсіне аласыз деп ойлаймын. Ал егер түрік тілінен хабарыңыз болмаса да, тышқанды арабша жазылған сөздің үстіне қойып лингафон қылып тыңдасаңыз көп пайдасы тиер деген ойдамын. Ең бастысы мен сізге жеткізе алсам қуанамын. Ол сайт мұнда Егер сіз түсіне алмай жатсаңыз, тәжуидтен хабары бар адамның көмегіне жүгенгеніңіз дұрыс. Монитордың қасында отырып, сізге анықтап түсіндіріп беретініне сенемін. Іске сәт.

Фатха

Араб тілінде хареке деген ұғым бар. Хареке деп әріптің үстіне немесе астына қойылатын белгілерді айтады. Мысалы қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар бар . Сол дауыссыз дыбыстарды оқу үшін дауысты әріптерді қою арқылы мағынаны түсінеміз. Мысалға қ және л әрібін алайық. Еш мағынасы жоқ. Қ-ның қасына а дауысын, л-ның қасына а әрібін қойсақ, онда қала сөзі шығады. Қала дегенде миымызға мәдениетке бай, халықтың көп шоғырланған мекен атауы. Сол сияқты хареке дегендеріміз дауысты дыбыстардың рөлін атқарады. Харекенің үш түрі бар :
1.Фатха немесе үстін
2.Кәсра немесе әсра
3.Дамма немесе үтрә.

Фатха
ـَ

әріптің үстінде болады, жуан дыбыстарда а жіңішке әріптерде ә болып оқылады.