Дамма жайлы…

Дамма кей жерлерде үтрә деп атайды. Дамманың белгісі әріптің үстінде болады,

ـُُُُ

Жуан әріптерде «у» жіңішке әріптерде «ү» қылып оқиды. Төменде видеоны қосып тыңдаңыз.

 Видеоны қосып болған соң мына түрік сайтына кіресіз, алтыншы дәріс дегенді тышқан бассаңыз өзі ақ шығады.  Ders 6 

Advertisements

Намаз

Араб тілінде  (    الصَّلاه  әссоләһ) деп айтылады.

الصَّلاه  (намаз) сөзі:

Тіл саласында: Дұға  деген мағынаны білдіреді. Бұған дәлел Тәубе сүресінің 103 аяты. Алла Тағала айтады: «(Мұхаммед с.а.с.) Олардың жаназаларын  оқы,  өйткені Сенің дұғаң оларға демеу.»

Шариғат саласында:  Басы тәкбирмен басталып, соңы сәлеммен бітетін орындалуы шариғат үкімдерімен  белгіленген сөздер мен амалдар. Намаз діннің тірегі, ғибадаттың ең абзалы, пенденің мұсылман екендігінің дәлелі.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) айтады:»Расулулаһ с.а.с. маған жеті нәрсені  өсиет етіп: «Терілерің есіліп сойылсаңдар да, отқа тірідей тасталсаңдар да, дарға асылсаңдар да, қандай болған да Аллаға серік қоспаңдар! Үзірсіз  намаздарыңды оқымай қоймаңдар! Себебі, үзірсіз намаз оқудан бас тартқандар мұсылмандар қауымынан шыққан болады. Күнә істеуден  сақтаныңдар! Өйткені күнә Алланың қаһарын келтіреді. Арақ ішпеңдер! Себебі арақ барлық жаманшылықтың көзі.»

Намаз Пайғамбарымыз с.а.с. Мәккеден Мәдинеге һижрат етуден бір жыл бұрын миғраж түнінде парыз етілген.  Намаздың парыздығын мойындамай : «Намаз оқымаса да болады» деган адамның жағдайы ауыр болмақ.  Себебі пайғамбарымыз с.а.с.: «Кісі мен күпірліктің арасын бөлетін бір нәрсе ол намаз».  Онда намазды тастау күпірлікке барады деген сөз.

Намаз бізді Алланға деген шүкіршілігіміз, сәжде Алланы ұлықтап, оған жақындағанымыз, әрі рахметіміз.