Ислам діні Қазақстанда

Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.

Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым, шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды. Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы – өмір сүру заңын да қоса жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды жойып жіберді. Толығырақ

Advertisements

Нағыз ғылым қаржылай қамқорлықтан туады

(Кәсіпкер Хайролла Ғабжалиловтің демеушілік қызметі жөнінде)

Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағ­дарламасы жөніндегі Президент Н.Ә.Назарбаевтың шешімі атақты халиф әл Момынның (Харун әл Ра­шидтің ұлы) заманын еске салады. Өзі басқаратын қоғамның рухани сұранысын дәл басып тү­сін­ген ұлы билеуші әрі ғалым 832 жылы Бағ­датта “Даналық үйін” аш­тырып, оған тұрақты түрде қар­жы­лай қол­дау жасап, сирия, грек және араб тілдерін тең әрі жетік меңгерген ау­дармашы мамандарды тартып, сол арқылы аудармашылар қозғалысына жол салады. Міне, осы “Даналық үйінде” аударма­шы­лар антикалық пәл­сапалық ғылы­ми еңбектерді араб тілінде сөйлете бастайды. Бұл әлемдік тәжірибеде соған дейін бол­маған, мұсылман­дық қайта өркен­деуге және өр­ке­ниетаралық өзара ықпалдастыққа жол ашқан ғажап құбылыс еді. Бұл мәдениет және ғылым орталығын­да аудармашылық өнері ғана қа­лыптасу сәтін басынан кешіріп қойған жоқ, сонымен бірге мұнда түрлі қолжазбаларды (лат. manus­crіp­tum) мақсатты түрде жинау және сақтау ісі де жолға қойылды.Толығырақ

“Ислам – бейбітшілік діні, оны саясатпен байланыстыруға болмайды”

“Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Махмуд Фаһми ХИДЖАЗИ мырза бүгін бізбен өзі басқарып отырған оқу орнының бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, келешекте атқарылатын іргелі жобалары төңірегінде ой бөліседі. Толығырақ

ХИЖАБТАҒЫ ҚАЛЫҢДЫҚ ҮШІН….

 2000 жылы хижабтағы қалыңдықтың  көйлегін көріп таң қалған едім. Ол қыз   Түркиядан тапсырыспен тіктіртіп алды. Бірақ суреті жанымда жоқ. Көбіне  осы хижабтағы қыздар тойға не киеміз деп қиналып жүретін еді. Енді міне  сендерге ұсынып отырмын. Ұнаған стилді аласың ғой.  Арасында түріктің ескі османлы киім үлгісі кеткен. Оған қарамауға болады.

ОРАМАЛ ТАҒУДЫҢ ҮЛГІСІ

ОРАНҒАН (ХИЖАБТАҒЫ) ҚЫЗДАРҒА СӘН-ҮЛГІ

 Маған осы стиль қатты ұнады. Мұсылман қыздарымыз әдемі болғаны жақсы емес пе?

ШЫНЫМЕН ЖЫЛАЙ АЛДЫҢЫЗ БА?

Бұл қыз Қызылорда қыздар қазақ-түрік лицейінде оқиды. Бұл қыз халықаралық түрік тілі олимпиадасында Ана туралы жыр оқып екінші орын алды. Бірінші орынды бір орыс қызына берді.  Қазақтарда небір дарындар бар ғой, қалай тамаша сөйлейді. Менің сай-сүйегім сырқырап кетті. Шынымен өте ащы. 😦