Дамма жайлы…

Дамма кей жерлерде үтрә деп атайды. Дамманың белгісі әріптің үстінде болады,

ـُُُُ

Жуан әріптерде «у» жіңішке әріптерде «ү» қылып оқиды. Төменде видеоны қосып тыңдаңыз.

 Видеоны қосып болған соң мына түрік сайтына кіресіз, алтыншы дәріс дегенді тышқан бассаңыз өзі ақ шығады.  Ders 6 

Advertisements

Кәсра

Кәсра дегеніміз жуан дыбыстарда «ы», жіңішке дыбыстарда «и» болып оқылады. Ол белгі әріптің астына қойылады. ـِ

Және тағы бір дәріс ол да түрік тілі сайтынан алынған, жалғасы десекте болады. Дәліректе DERS 5 деген жазуы бар соны басасыз. Жаттығу шығады.

Фатханың жалғасы

Тағы да жаттығулар тауып осы жерге қойғалы жатырмын. Бірақ сайт түрік тілінде. Сіз осы түрік сайтына кірсеңіз онда ders 1, 2,3,4,5,6,7,8 еген жазуларды көресіз, сіз ders 4 деген жазуға кіріңіз. Мониторда көк түсті арабша жазуы бар тақшаны көресіз. Сол тақшада жазылған әрбір сөздің үстіне тышқанды апарсаңыз, арабша оқылуы және астына латынша транскрипциясы шығады. Егер сіз түрікше білсеңіз оңай түсіне аласыз деп ойлаймын. Ал егер түрік тілінен хабарыңыз болмаса да, тышқанды арабша жазылған сөздің үстіне қойып лингафон қылып тыңдасаңыз көп пайдасы тиер деген ойдамын. Ең бастысы мен сізге жеткізе алсам қуанамын. Ол сайт мұнда Егер сіз түсіне алмай жатсаңыз, тәжуидтен хабары бар адамның көмегіне жүгенгеніңіз дұрыс. Монитордың қасында отырып, сізге анықтап түсіндіріп беретініне сенемін. Іске сәт.

Фатха

Араб тілінде хареке деген ұғым бар. Хареке деп әріптің үстіне немесе астына қойылатын белгілерді айтады. Мысалы қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар бар . Сол дауыссыз дыбыстарды оқу үшін дауысты әріптерді қою арқылы мағынаны түсінеміз. Мысалға қ және л әрібін алайық. Еш мағынасы жоқ. Қ-ның қасына а дауысын, л-ның қасына а әрібін қойсақ, онда қала сөзі шығады. Қала дегенде миымызға мәдениетке бай, халықтың көп шоғырланған мекен атауы. Сол сияқты хареке дегендеріміз дауысты дыбыстардың рөлін атқарады. Харекенің үш түрі бар :
1.Фатха немесе үстін
2.Кәсра немесе әсра
3.Дамма немесе үтрә.

Фатха
ـَ

әріптің үстінде болады, жуан дыбыстарда а жіңішке әріптерде ә болып оқылады.

Тәжуид туралы бірер сөз

Тәжуид сөзі сөздікте бірнәрсені көркем, дұрыс істеу деген мағына береді. Ал тәжуид ілімінде Құранды әдебіне қарай әріптердің махрадждарын беріп, сипаттарды жақсылап оқытып үйрететін ілім. Тәжуид ілімінде сөз иесі болған адамдарды мүджауид деп аталады.
Тәжуидтің мақсаты:
Алла Тағаланың Құран Кәримнің тәжуидпен оқу үшін әмірін орнына келтіруін қадағалап, Құранды қатесіз оқылуын қолға алу болып табылады.
Тәртіп:
Әріптерді сипатын мен махраджына қарай оқу, тоқтайтын жерлерін білу және қағидаларына қарай Құранды қатесіз оқу. Тіләуат сәждесіне келсе, оны оқу. Міне осыларды тәжуид ілімі үйретеді.

Харф – сөздікте бір нәрсенің ұшы қыры деген мағына.
Ал тәжуид ілімінде махраджға сүйеніп шыққан дыбыстар.
Махрадж – сөздікте «шығу жері» деген мағына.
Ал тәжуидте әріптің шығу жері, әріптің өз характерін беріп, айтуды махрадж деп атайды.

Әріптің дыбысталуы

Дөңгелекте сызылған әріптер жуан дыбыстар. Бұдан тыс үш тағы бар. Бірақ олар кәсра хареке келгенде жіңішке болып оқылады. Неге бөлген деп сұрайтын шығарсыз. Бірақ біздің қазақ тілінде у әріп бар. Ол әрі дауысты, әрі дауыссыз. Сол сияқты осы әріп жіңішке, әрі жуан болып оқылады. Мысалы айн әріпке фатха берсеңіз айнды ә қылып оқи алмайсыз. Осы он әріптен тыс басқа әріптер жіңішке дыбысталады.
Ол үш әріп:
ر،ح،ع

Әріптердің өзгерісі

Араб тілі өзге тілдерге қарағанда тағы бір ерекшелігі сөздің басында, ортасында, аяғында формалары өзгеріп тұрады. Тапқан мағлұматым орыс сайттан болып тұр. Сондықтан тікелей осы жерге қойдым. Жанында жасыл түстің үстінен бассаңыз дыбыстың оқылуын аудио арқылы беріп отыр. Сіздерге қолай келсін. Толығырақ мына жерде