Намаз

Араб тілінде  (    الصَّلاه  әссоләһ) деп айтылады.

الصَّلاه  (намаз) сөзі:

Тіл саласында: Дұға  деген мағынаны білдіреді. Бұған дәлел Тәубе сүресінің 103 аяты. Алла Тағала айтады: «(Мұхаммед с.а.с.) Олардың жаназаларын  оқы,  өйткені Сенің дұғаң оларға демеу.»

Шариғат саласында:  Басы тәкбирмен басталып, соңы сәлеммен бітетін орындалуы шариғат үкімдерімен  белгіленген сөздер мен амалдар. Намаз діннің тірегі, ғибадаттың ең абзалы, пенденің мұсылман екендігінің дәлелі.  Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с.) айтады:»Расулулаһ с.а.с. маған жеті нәрсені  өсиет етіп: «Терілерің есіліп сойылсаңдар да, отқа тірідей тасталсаңдар да, дарға асылсаңдар да, қандай болған да Аллаға серік қоспаңдар! Үзірсіз  намаздарыңды оқымай қоймаңдар! Себебі, үзірсіз намаз оқудан бас тартқандар мұсылмандар қауымынан шыққан болады. Күнә істеуден  сақтаныңдар! Өйткені күнә Алланың қаһарын келтіреді. Арақ ішпеңдер! Себебі арақ барлық жаманшылықтың көзі.»

Намаз Пайғамбарымыз с.а.с. Мәккеден Мәдинеге һижрат етуден бір жыл бұрын миғраж түнінде парыз етілген.  Намаздың парыздығын мойындамай : «Намаз оқымаса да болады» деган адамның жағдайы ауыр болмақ.  Себебі пайғамбарымыз с.а.с.: «Кісі мен күпірліктің арасын бөлетін бір нәрсе ол намаз».  Онда намазды тастау күпірлікке барады деген сөз.

Намаз бізді Алланға деген шүкіршілігіміз, сәжде Алланы ұлықтап, оған жақындағанымыз, әрі рахметіміз.

Сән үлгі

Бұл клип блоггер Ботамыздың жасаған туындысы еді. Жамылған қыздардың суреттер жинағы мен түрік киносы Маусым түні (Haziran gecesi) Жаңбыр (Yağmur) атты өлеңімен оранжировкасын жасаған.

Дәреттің артықшылығы

Пайғамбарымызы с.а.с. айтады:
«Тазалық – имандылықтың жартысы.»
Хадисті Әбу Маликтен р.а. Имам Муслим риуаят етті.

«Мұсылман яки мүмин пенде дәрет алып жатып бетін жуса,көздерімен қарап істеген әр күнәсі дәрет суымен немесе судың соңғы тамшысымен жүзінен жуылып кетеді. Егер қолын жуса, қолымен істеген әр күнәсі дәре т суымен яки судың соңғы тамшысымен жуылып кетеді. Егер аяғын жуса, аяғымен жүріп істеген күнәлері дәрет суымен яки судың соңғы тамшысымен жуылып кетеді. Осылайша пенде күнәлардан таза арылып шығады.»
Хадисті Әбу Хұрайрадан р.а. Имам Термизи риуаят етті.

«Кім дәретін кемшілііксіз алып, кейін: «Мен: « Лә илаһә иллаллаһ, уахдәһу лә шәриикә ләһ, уәшһәдү әннә мухаммадан абдүһү уә расулуһ» (Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Ол жалғыз оның серігі жоқ және Мухаммед с.а.с. оның құлы әрі елшісі) – деп куәлік беремін! – десе, ол үшін сегіз жаннаттың есігі ашылы, ол қалағанына кіретін болады.
Хадисті Омар ибн Хаттабтан р.а. Имам Муслим риуаят етті.

«Дәретті бола тұрып қосымша дәрет алған кісіге Аллаһ сол арқылы он сауап жазады. Хадисті Ибн Омардан р.а. Имам Термизи риуаят етті.

Таңғыш мәселесі

Жарылған немесе сынған, шыққан буынға танылған шүберекті араб тілінде әл-джәбира деп атайды.
Таңғыш жуылмайды. Сол себепті, дәретте жууға келген мүшелер жуылып, жағдайға қарай таңғыштың бәріне мәсіх тартылады. Судың тиюі зиянды болса, таңғышқа мәсіх орнына топыраққа қол соғып, таңғыштың сыртынан таяммум жасаса да болады.
Таңғышты дәрет алып, соң таңу шарт емес.
Дәрет алынғаннан кейін жарадағы таңғыш түссе, дәретте, мәсіхте бұзылмайды. Сол күйінше намаз оқуға болады. Таңғышты ауыстырғанда да солай.
Көп су зиянды болған жағдайда таңғышы жоқ жараға да мәсіх тартқан дұрыыс. Егер ол да зиян болса, құрғақ таяммум де болады. Таңғышқа мәсіх тартудың белгіленген мерзімі жоқ. Жарақат жазылғанға дейін үстіне жағдайға қарай мәсіх тартыла береді.
Сәлде, қолғапқа мәсіх тартылмайды.

Мәсіге мәсих тарту

Мәсі деп аяқты тобығымен жауып тұратын аяқ киімді айтады.
Мәсі тері, киіз немесе басқа қалың нәрседен тігіледі.
Мәсіх деп мәсінің үстінен сулы қолды жүргізуді айтады.
Мәсіге мәсіх тарту ер, әйел, жолаушы және тұрғын адамдарға бірдей рұқсат етілген.
Ескерту: Кісілердің кейбірі жұқа шұлыққа (носкиге) мәсіх тартады, бұл шариғатқа мүлдем қайшы. «Шұлыққа мәсі тартыла ма?», деген сұраққа, олар: «Сахабалар тартқан ғой», деп жауап береді. Шарғи шындық пен рухани тазалықтан махрум жандарға көп өзді шығындаудың қажеті жоқ. Оларға таупық тілейміз. Оқуды жалғастыру

Таяммүм

Таяммүм сөзі:
• Тіл саласында: таза жер жынысын қолдану арқылы тазару;
• Шариғат саласында: тазару ниетінде таза жер жынысымен бет пен екі қолды шынтаққа дейін сипау деген ұғымды білдіреді.
Су болмаған жағдайда таяммүм дәрет және ғұсыл орнына жүреді. Өйткені, Алла Тағала Ниса сүресінің қырық үшінші аятында:
«Егер ауру немесе сапарда болсаңдар немесе сендерден біреу түзге шығып келсе яки әйелдерге жақындасып су таба алмасаңдар, таза жер жынысына беттеріңді және қолдарыңды сипаңдар ( таяммүм арқылы тазаланыңдар)», деп әмір еткен. Оқуды жалғастыру

Ғұсыл

Араб тілінде дене дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады.
Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады.
1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе;
2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса;
3. Жыныстық қатынастан соң;
4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда;
5. Нифас бала тапқаннан кейінгі жағдайда;
6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса;
7. Мұсылман дүниеден озғанда.
Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі.Онсыз намаз оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі харам. Оқуды жалғастыру