ХИЖАБТАҒЫ ҚАЛЫҢДЫҚ ҮШІН….

 2000 жылы хижабтағы қалыңдықтың  көйлегін көріп таң қалған едім. Ол қыз   Түркиядан тапсырыспен тіктіртіп алды. Бірақ суреті жанымда жоқ. Көбіне  осы хижабтағы қыздар тойға не киеміз деп қиналып жүретін еді. Енді міне  сендерге ұсынып отырмын. Ұнаған стилді аласың ғой.  Арасында түріктің ескі османлы киім үлгісі кеткен. Оған қарамауға болады.

ОРАМАЛ ТАҒУДЫҢ ҮЛГІСІ

ОРАНҒАН (ХИЖАБТАҒЫ) ҚЫЗДАРҒА СӘН-ҮЛГІ

 Маған осы стиль қатты ұнады. Мұсылман қыздарымыз әдемі болғаны жақсы емес пе?

ШЫНЫМЕН ЖЫЛАЙ АЛДЫҢЫЗ БА?

Бұл қыз Қызылорда қыздар қазақ-түрік лицейінде оқиды. Бұл қыз халықаралық түрік тілі олимпиадасында Ана туралы жыр оқып екінші орын алды. Бірінші орынды бір орыс қызына берді.  Қазақтарда небір дарындар бар ғой, қалай тамаша сөйлейді. Менің сай-сүйегім сырқырап кетті. Шынымен өте ащы. 😦

АНА ТУРАЛЫ КЛИБІ

Осыны көріп отырып көзімнен жас ағып кетті, қашан қай кез анама жақсылық жасадым, жылы жүзбен жылы сөзбен қашан қай кез айттым екен. Енді ойлап отырсам еш есіме түспейді. Ұят-ай, ұят ай, анама деген сағынышым жұмыста отырсам да асқынып барады. Өйткені оны тағы бетінен сүйіп анашым дегім келіп тұр.  Ана деген құрметіміз қашан оянар екен. Аналардың жүздерінен қуаныш күлкі қашан көреміз. Онда қазір ғана дәл қазір секундтан бастайын.  Өйткен ол – АНА. Анасы бар адамдар ешқашан қартамайды дегені рас.  Ой сағынышым тағы артып отыр.  Аналарымызды сыйлайық ағайындар!

ИЛАХИ КЛИПТЕР

 түрікше

САМИ ЮСУФТЫҢ КЛИПТЕРІ

 Осы клипті қарап отырып жүрегім езіліп кетті, шынымен мейірімді болғанға не жетсін, үлкендерге орын беріп сыйластық пен ортаға күлкі сыйлаған өзі қандай бақыт.  Неге жақсы тәрбие үйренбеске.