Қиқоңыз

Жер бетіндегі жүз мыңдаған тіршілік иелері таңғажайып ЭКОЖҮЙЕ ішінде жаратылған. Олардың тіршілігіне қажетті энергия азық түрінде әрі өте нәзік тепе теңдікте беріліп отырады. Барлық тіршілік иелері азықпен қоректеніп, артық қалдықтарын сыртқа шығарып отыратындықтан, біршама уақыттан кейін ақ жер беті иістенген қоқысқа толып кетуі керек еді. Алайда бұндай ластануға жол берілмес үшін экологиялық алдын алу шаралары жүзеге асырылған. Сондай экожүйедегі тазалаудың бір көрінісі «бір тіршілік иесінен шыққан қалдықтың екінші бір жәндікке азық болуы». Мұндай мінсіз жүйе тек адамдардың қолымен бұзылуы мүмкін. Осыдан белең алған қандай да бір келеңсіздік экологиялық тепе теңдікке кері әсер етпей қоймайды.<span Оқуды жалғастыру

Әр буынға бір садақа

Әр буынға бір садақа

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) буындарға қатысты бірқатар хадистер айтқан. Тіпті, адам денесінде қанша буын болатындығын нақты білдірген. Бір қызығы, сол хадистерде көрсетілген буын сандарын қазіргі медицина дәлелдеп шықты.
Буын жайында айтқан Пайғамбарымыздың хадистері мыналар:
«Әр адамның жаратылысында 360 буын бар. Олай болса, Алла Тағаланы ұлықтаса, мақтау айтса, лә иләһә иллаллаһ, сұбһаналлаһ десе, Құдайдан кешірім тілесе, ел жүретін жолдан тас, тікен немесе сүйек секілді нәрселерді жол шетіне алып тастап отырса я болмаса жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыйса, осы жасаған жақсылықтарының барлығы 360 қа жетсе, сол күннің кешіне дейін тозақ отынан қорғалады». Оқуды жалғастыру

ЭТНОГРАФИЯ

Қазақ әйелінің бас киімі

Сахнадан ән шырқаған қазақ қыздарын көргенде сонау жырақ жылдардың бұлдыр сағымынан халқымыздың сағынышты көріністері елес береді. Бір кезде сахнада емес, өмірдің өзінде осындай едік қой деп ойға қаласың. Кең дала төсіндегі ақ отаулардың арасынан қызылды жасылды киінген қыз келіншектердің сылаң бейнелері көлбеңдеп, сыңғыр үндері құлаққа жетеді.
Міне, мынау шашын талдап өргізіп, үкілі кепеш киген қарақат көзді әлі балиғатқа толмаған қыз бала. Ол пәк, сәби, әлі біреуге атастырылғанынан да бейхабар. Оның қасында бейәдеп сөз айту көргенсіздік.
Оқуды жалғастыру

Сүндет пен медицина

Тарихы

Сүндеттеу медицина ғылымында «циркумцизия» (лат. Circumcisio – дөңгелете кесу) деп аталады. Оның тарихына қарасақ, б.э.д. 2500 жылдары ежелгі Мысыр елінде кең қолданылғандығын көреміз. Сүндеттелген перғауын бейнесі мен ересектеу екі баланы сүндетке отырғызу рәсімі көрсетілген папирус суреттерінің Каир мұражайында сақталғандығы осының айғағы. Тіпті, ол көптеген Африка елдерінде де баланың есею нышаны ретінде қалыптасқан. Оқуды жалғастыру