Жіктеу

Араб тілі   флективті  тілдердің  қатарына   жататындықтан  грамматикасында  өзіндік ерекшеліктері  бар. Мысалы,  басқа тілдерде  сөзжасам есім сөзден  жасалса,  араб тілінде  көптеген  есім сөздер  етістіктен  белгілі  бір үлгілер бойынша жасалады т.с.с.

Араб тілі  грамматикасы  صَرْف   сарф  және نَحْو  наху болып екіге  бөлінеді. صَرْف    Сарф  (морфология)  сөз және  оның  формалары  туралы ілім. Араб тілінде  морфология  негізінен  етістікті, оның  баптарын, түрлерін және   етістіктен және   есімнен  жасалған  туынды  есім сөздерді   зерттейді. نَحْو Наху (синтаксис) –  сөз тіркесі және сөйлем  туралы ілім.  Араб тілінде синтаксис  сөздің сөйлемдегі  орын  тәртібін және  сөздің соңғы   харакатының  өзгеруін зерттейді. Оқуды жалғастыру

АРАБ ТІЛІ

Араб тілі  жалпы  тіл білімінде  генеологиялық классификация  бойынша  хамит-семит тілдері  тобының  ең  бай  тармағы  болуымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының  ресми тілі  ретінде  әлемдегі  негізгі  тілдердің  біріне  айналды. Қазір бұл тілде  190 млн-ға жуық адам сөйлейді.            

Қазақстан республикасы тәуелсіздік алғанымен бері әлемнің  басқа  мемлекеттерімен  достық қарым-қатынасқа  түсуі  шет тілдерін  меңгерген  азаматтарға   мұқтаждықты  арттыра  түсуде.  Соның ішінде   араб тілін  оқып  үйренудің  маңызы да зор, өйткені  Қазақстан Республикасы  араб елдерімен де тікелей   саяси-экономикалық  байланыстарын  дамытып отырғаны  мәлім.            
Оқуды жалғастыру