АСЫЛ АНА ЗЕЙНЕБ ХУЗЕЙМА ҚЫЗЫ

Мұқтаждар мен міскіндердің анасы, мейірімділік пен қайырымдылық анасы.

30217f1.jpg
Ол Пайғамбарымыздың үйінде сегіз ай тұрып, дүние салған. Зейнеб Бәдір соғысында шейіт болған. Убайда ибн Харис ибн Абдулмутталибтің жесірі еді. Зейнеб күйеуі шейіт болған кезде жаралыларға көмек көрсетіп, олардың жарақаттарын таңып көмектескен. Күеуінің қазасы оның өз міндетін орындаудан тоқтатқан жоқ. Зейнебтің төзімділігін, сабырлылығын, табандылығын көрген Пайғамбарымыз (с.а.с) күйеуінен айырылған оған сүйеніш болу мақсатымен өзіне некелеп, оны «мүміндердің анасы» дәрежесіне көтерді.

Толық есімі Зейнеб бинт Хузейма ибн Харис ибн Омар әл Хиләлия.
Анасы: Хинд бинт Ауф ибн Зуһәйр ибн Харис әлХимйәрия. Ол жайлы: «Арабтарда Хинд бинт Ауфтай мәртебелі күйеу балаларымен танымал әйел жоқ» делінетін. Себебі оның қыздары Әбу Бәкір Сыддыққа (р.а.), Абдулмутталибтің ұлдары Хамза және Аббас сияқты құрайыштардың беделді де абыройлы адамдарына тұрмысқа шыққан.
Хинд сонымен қатар Хадишадан кейінгі әйелдер арасынан исламды қабылдаған екінші нәзік әйел. Сондай ақ тарихта оның Әбу Ләхабты сабағаны жайлы дерек бар. Бұл алғашқы Бәдір шайқасында, құрайыштар жеңіліс тапқан кезде болған жайт еді. Мұсылмандардың жеңісі жайлы хабар Меккеге жеткенде, Әбу Ләһәб ызадан булығып, аласұрып кетеді. Нәтижесінде ол Хинд бинт Ауфтан таяқ жейді. Бастан тиген соққының қатты болғаны соншалық оның төбесінен зуылдап қан ағады. Әбу Ләһәб осы соққыдан ұзақ уақыт зардап шегіп, ақыры осының салдарынан өледі. Өлер шағында одан әйел, бала шағасының барлығы теріс айналған.
Зейнеб Алланың елшісінің (с.а.с.) үйінің босағасын аттаған Хафса бинт Омардан кейінгі мүміндердің бесінші анасы еді. Ол өмірмен қош айтысқанда отызға да толмаған еді. Қысқа ғұмырын кедей кепшікке пен мұқтаждарға қарайласумен өткізген Зейнеб, өзін материалдық қажеттіліктер мен дүние қызықтарынан қашық ұстайтын. «Мұқтаждар мен міскіндердің анасы» деген атына заты сай Зейнебтің құштар нәрсесі кедей кепшікті азғантай болса да бірдеңемен қуанту болатын.
Оның денесі Бақиға жерленді. Жаназасын Алланың елшісі (с.а.с.) өзі шығарды. Сондай ақ ол пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі тірісінде дүние салған екінші әйелі.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: