Ғибадат

Бүкіл әлемді жаратқан Алла Тағала бізге көптеген игілік берген. Мысалы, он екі мүшеміздің саулығы, жеген ішкеніміз, мұсылман болуымыз. Осылардың шүкіршілігі үшін Жаратушымызға итағатта болып, оның әмірлеріне бойұсынып, тыйым салған нәрселерінен тыйылуға міндеттіміз.
Алла Тағаланың әмірі бойынша осы міндеттердің орындалуы – ғибадат деп аталады.
Ғибадат Алла Тағаланың әмірі болғандығы үшін жалғыз Алла Тағалаға жасалады және қалай әмір еткен болса, солай орындалады, белгіленген тәртіптен өзгертілмейді.
Исламда ғибадат үш жолмен орындалады:

• Денемен, мысалы: намаз оқу, ораза тұту, т.б.


• Малмен, мысалы: зекет, садақа беру.


• Денемен және малмен, мысалы: қажылыққа бару.
Алла Тағалаға иман келтіргеннен кейін, ғибадаттың ең абзалы – намаз. Исламның бірінші негізі Алланың барлығы мен жалғыздығына иман келтіру болса, екіншісі – намаз.
Алла Тағала Ниса сүресінің 103 аятында:
«Намаз мүминдерге белгілі уақытта парыз етілді», – десе, Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.:
«Кісі мен күпірліктің арасын бөлетін – намаз».
Хадисті Жәбир ибн Абдуллаһтан р.л.ғ. Имам Муслим, Имам Ахмад, Имам Әбу Дауд, Имам Термизи, Имам Насаи және Имам ибн Мажаһ риуаят етті.
«Әр нәрсенің өзіне тән белгісі бар. Имандылықтың белгісі – намаз оқу». «Намаз – діннің ірегі. Кім оны орындаса, ол дінді тіреген болады. Кім оны тастаса, ол дінді тастаған болады» – деген.

 Тазалық және оның түрлері

 Намаздың әуелгі шарты – тазалық. Намаз оқуға лайық болу үшін арнаулы түрде таза болу парыз.
Араб тілінде тазалықты – таһарат деп айтады. Қазақ тіліндегі «дәрет» сөзінің түбірі осы.
Таһарат сөзі:

• Тіл саласында: тазалық, пәктік.


• Шариғат саласында: дене, киген киім және намаз оқитын орын намазға бөгет жасайтын нәрселерден таза болу – деген ұғымдарды білдреді.

Тазалық екі түрге бөлінеді:
1. Ат-таһарату хиссийа – көз көріп, дене сезетін нәжіс пен ластықтан болатын тазалық.
Екі түрлі жолмен дене ластанады:

• Дәретсіздік немесе нәжістенудің жеңіл түрі. Мысалы: адамның қиы немесе несептің шығуы. Бұл жағдайда сумен дәрет алынады, су жоқ болса таяммүм арқылы тазарады.


• Бой дәретсіздігі немсе дәретсіздіктің ауыр түрі. Мысалы: ихтилам (ұйықтап не ояу кезде шәһует кету). Бой дәретсіздіктен тазару үшін дәрет алу жеткіліксіз, міндетті түрде ғұсыл (шомылу) қажет.

Нәжіс деп дене, киім немесе намаз оқитын орында болған былғанышты нәрселерді айтады. Нәжістенуден таза су, гүлдің немесе жемістің суы сияқты нәжісті кетіретін нәрселерді қолдану арқылы тазаруға болады.

2. Ат таһарату ма,науийа – ой, ниетте болатын тазалық. Мұсылман кісі әртүрлі жаман ойлардан таза болуы шарт. Намазханнан жоғарыда айтылған тазалықтың екі түрі де талап етіледі. Себебі Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с.:

«Намаздың кілті – тазалық, тахримі – тәкбир, тәүлилі – сәлем беру», – деген. Хадисті Имам Әбу Дауд, Имам Термизи риуаят етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: