ФИҚХ

Алланың барлығын мойындап, Оның жалғыздығына иман келтіргеннен кейін, әрбір есі саналы, ер жеткен мұсылман фиқһ ғылымын үйренуге тиіс.
Фиқһ сөзінің:
1. Тілдік мағынасы: дәл, дұрыс білу.
2. Шариғат мағынасы: нақты дәлелдерге сүйене отырып, амалдарға қатысты шариғат үкімдерін айқындау – дегенді білдіреді.
Фиқһ ғылымы бұл дүние мен Ақыретте Алла Тағаланың разылығын алып, мәңгілік бақыт құшудың жолдарын үйрететін ғылымның асқары десе болады. 

Амал дәрежелері, түрлері мен үкімдері
Дінде ер балалар 13 жастар шамасында, ал қыз балалар етек кірі келген мезгілден бастап, балағат жасына толған болып есептеледі. Осы жасқа келгенге дейін ұл-қыздарына дін білімдерін үйрету, Алланы таныту әке-шешеге борыш. Сондай-ақ ержеткен, саналы мұсылманға шариғат бұйырған істі орындау, бұйырмаған істерден тиылу шарт.
Фиқһ тұрғысынан тіршіліктегі амалдар үш түрге бөлінеді:
1. Шариғат бойынша орындалуы әмір етілген,
2. шариғат бойынша орындалуына тыйым салынған,
3. шариғат бойынша орындалуы да, орындалмауы да ерікті болған амалдар.
Бұл амалдар ішінара сегіз түрге бөлінеді: 

Парыз – тұжырымды дәлелдермен міндетті түрде орындалуға тиісті амал.
Мысалы: иман келтіру, намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру, т.б.
Парыздың үкімі оырндаған сауапқа ие болады. Орындамаған үлкен күнаһар болады. Парыздың міндетті түрде орындалуы қажет екендігін жоққа шығарған кісі діннен шығады. Парыз екіге бөлінеді:
1. Парыз айн – әрбір мұсылманның өзі орындауы шарт болған амал.
Мысалы: Намаз оқу, дәрет алу, ораза ұстау.
2. Парыз кифая – мұсылмандардың бір бөлігі орындаса, өзгелерге оны жасау міндетті емес.
Мысалы: жаназа оқу, медицина мамандығы, т.б.

• Уәжіп
– орындалуы қасиетті құранмен бекітілмегенімен шариғат орындауын әмір еткен амал. Мысалы, үтір намазы уәжіп, айт намазын оқу уәжіп.
Үкімі: орындаушы сауапқа ие болады, орындамаған күнаһар деп есептеліп, жазаға лайық болады. Уәжіптің міндетті түрде орындалуы қажет екендігін жоққа шығарған кісі діннен шықпаса да аса күнаһар болады.

• Сүннет
– фарыз немесе уәжіп ретінде әмір етілмеген, пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. орындаған амалдар. Мысалы, бір істі «бисмиллаһ» деп бастау, дәретте ауыз бен мұрынды үш рет шаю.
Үкімі: орындаушы сауапқа ие болады, орындамаған қиямет күні пайғамбарымыздың с.ғ.с. шапағатынан махрум болады.
Сүннет те фарыз секілді екіге бөлінеді.
1. Сүннәті муәккәдә (бекітілген сүннет) – пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. әрдайым істеген және істеңдер деп өсиет еткен амалдар.
Мысалы таңғы намаздың парызынан бұрын екі рәкәғат сүннәт намазын оқу. Сүннәт муәккәдә амалын орындауға селқоспен қараған жазаға лайық болады.
2. Сүннәт ғайру муәккәдә (бекітілмеген сүннет) – пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. кейде істеп, кейде істемеген амалдар. Мысалы, аср және құптанның намаздарының парыздары алдында төрт рәкәғат сүннәт намазын оқу. 


• Мүстахаб
– бұл да сүннетке жататын, орындалуы жақсы деп саналған амалдар. Мысалы, нәпіл намаз оқу, нәпіл ораза ұстау. Үкімі: Оны істеген сауапқа ие болады, орындамаған күһар немесе жазалы да болмайды.

• Мүбаһ
– істеу-істемеу ерікті амалдар. Мысалы, зиянсыз сөз сөйлеу, халал нәрсені ішу, т.б.
Үкімі: орындағанға сауап та, күнә да болмайды. 


• Харам
– тұжырымды дәлелмен орындалуына қатаң түрде тыйым салынған амал. Мысалы, кісі өлтіру, некесіз жыныстық қатынас жасау, ішкілік іші, кісі ақысын жеу, т.б.
Үкімі: оны істеген кісі қатты күнәһар болып, азапқа душар болады. Харамнан тыйылған сауапқа ие болады. Харамды халал деген адам діннен шығады. 


• Мәкруһ
– жек көрінішті амал. Мәкруһ екіге бөлінеді:

1. Мәкруһ тахрим
– харамға жақын болған жек көрінішті амал. Мысалы, үтір уәжіп намазын оқымау, ерлердің жібек киім киіп жүруі, алтын жүзік тағуы.
Үкімі: оны істеуші харамды істеген сияқты күнаһар болып, жазаға лайық болады. Мәкруһ тахримнің харамнан ерекшелігі: мәкруһ тахримді істеуге болады деуші діннен шықпайды.

2. Мәкруһ танзиһ
– дәрежесі мәкруһ тахримнен біршама төмен болғанымен, істеуінен сақтануға тиісті болған амал. Себебі, мәкруһ танзиһ амалдың сауабын азайтып, оның дәрежесін төмендетеді. Мысалы, дәрет алып отырып қажетсіз сөз сөйлеу, лас жерде дәрет алу.
Үкімі: істеуінен тыйылған сауапқа ие болады. Істеуші жазғыруға лайық болса да, жазалы болмайды.

• Муфсид
– орындалып жатқан амалды бұзатын әркет. Мысалы, намаз оқып тұрып сөйлеу, оразада біле тұра ішіп-жеу.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: