Су және оның түрлері

Су тазалық тұрғысынан бес түрге бөлінеді:
1. Иісі, түсі, дәмі бұзылмаған және пайдаланылмаған су. Судың бұл түрін – мұтлақ, яғни таза, әрі тазартушы, қолданылуы мәкруһ болмаған сулар деп айтады. Мысалы, жаңбыр, қар, бұршақ, бұлақ, теңіз, көл, өзен сулары судың мұтлақ түріне жатады.
Үкімі: дәрет, ғұсылға, нәжіс пен ластықты кетіргенге және ауыз суға жарайды.
2. Таза, әрі тазартушы, бірақ мұтлақ су бола тұрып, пайдаланылуы мәкруһ танзиһ болған су. Бұған мысық, көше кезгіш тауық сияқты үй хайуандарының немесе жыртқыш құстың тұмсығы тиген сулар жатады.
Үкімі: Мұтлақ су бар жағдайда, бұл судың қолданылуы мәкруһ танзиһ. Таза су болмаған жағдайда бұл сумен дәрет алу, ғұсыл, тамақ пісіру мәкруһ танзиһ болмайды.
3. Таза нәрсенің әсерімен түсі, дәмі немсе иісі өзгерген су. Мысалы, ішіне жапырақ түсіп өңі өзгерген су, жемістің суы, дәрет, ғұсылға қолданылған су.
Үкімі: Бұл сумен тек нәжістерді тазартады. Дәрет және ғұсыл, ауыз суға жарамайды.
4. Таза емес су. Бұл көлемі көп ішіне нәжіс түсіп өңі, иісі немесе аз көлемдегі дәмі өзгерген немсе ішіне нәжіс түсіп, өңі, иісі немесе дәмі өзгермеген су.
Үкімі: Дәрет алуға, ғұсылға, ластықты кетіруге жарамайды. Ит, доңыз, қасқыр т.б. еті харам болған хайуандардың тұмсығы тиген су осы түрге жатады (алтыншы тақырыпты қараңыз).
5. Тазалығы күдікті су. Мысалы: есек, қашырдың ауызы тиген су.
Үкімі: Басқа су болмаған жағдайда бұл сумен ғұсыл және дәрет алынады, бірақ соңынан таяммүм қылынады.

Судың көп және аздығының үкімдері

Ұзындығы 5 метр, ені 5 метр болған әуізді толтырған су көп су болып есептеледі.
Тоқтау судың көлемі осыдан аз болса, ол аз су делінеді.
Ағын су, көлемі аз болса да, көп су есебінде болады.
Көп суға нәжіс түссе немесе ит, тағы басқа еті харам хайуанның ауызы тиіп иісі, түсі немесе дәмі өзгерсе де, ол су таза болып есептеледі.
Аз суға нәжіс түсіп немесе ит, тағы басқа еті харам хайуанның ауызы тисе, оның түсі немесе дәмі айнымаса да лас деп есептеледі.


Судың қалдығы және оның үкімдері

Ішілгеннен кейін ыдыста қалған немесе ішілмесе де адам, не жануардың ауызы тиген су – су қалдығы деп айтылады.
Шариғат бойынша ішілгеннен кейін, ыдыста ұалған судың төрт үкімі бар:
1. Таза, әрі тазартушы, яғни мұтлақ су қалдығы. Мысалы кісінің, халал малдың және торғайдың қалдық суы.
Үкімі: Ғұсыл етуге, дәрет алуға, ішуге, тамақ пісіруге болады.
2. Таза, әрі тазалаушы, бірақ мәкруһ танзиһ болған қалдық су. Мысалы: мысық, тауық тиген сулар.
Үкімі: Нәжіс пен ластықты кетіреді, бірақ мұтлақ су бола тұрып пайдалануы мәкруһ танзиһ.
3. Ластанған су. Мысалы, арақ ішкен, ауызы толып құсқан адам немесе ит, доңыз, қасқыр сияқты харам хайуандардың қалдық сулары.
Үкімі: қолдануға болмайды.
4. Тазалығына күдік болған су. Мысалы: есектің ауызы тиген су.
Үкімі: Басқа су болмаған жағдайда ғұсыл және дәретке қолданылады. Бірақ соңынан таяммүм қылынады.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: