Пайғамбарымыздың с.ғ.с. сүннетін орындау

Алла Тағала айтады:
«Сендерге Пайғамбар с.ғ.с не берсе оны қабыл алыңдар, неден тыйса, одан тыйылыңдар». Хашыр сүресі, 7 аят.
«Ол ойына келгенін сөйлемейді, оның сөйлегені тек уахи (Алла Тағаланың әмәрә) ғана».
Нәжім сүресі, 3-4 аят
«(Мұхаммед с.ғ.с. ) Оларға: «Егер Алла Тағланы сүйсеңдер Маған с.ғ.с. еріңдер. Сонда Алла Тағала сендерді жақсы көріп, күнәларыңды кешіреді. Алла Тағала аса Жарылқаушы ерекше Мейірімді», – де. Оларға: «Алла Тағалаға әрі Пайғамбарына бой ұсыныңдар!», – де».
Әли Ғимран сүресі, 31-32 аят.
«Алла Тағаланың разылығын және Ақырет күні болатын Алла Тағаланың жарылқауынан үміт етіп, Алланы құлшылығымен көп еске алушылар үшін Алла Тағаланың Елшісінде с.ғ.с. көркем өнеге бар».
Ахзаб сүресі, 21 аят.
«(Мұхаммед с.ғ.с.) Раббыңа серт! Олар өзара таласқан мәселелерінде Сені би қылып, соңынан Сенің төрелігіңнен көңілдерінде кірбің болмай, толық бой ұсынғанға дейін мүмин бола алмайды».
Ниса сүресі, 65 аят.
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. айтады:
«Алланың Елшісі с.ғ.с. бізді жүректер шайлығып, көзден жас ағызатын сөздермен уағыздады. Біз: «Я, Алланың Елшісі с.ғ.с.! Бұл қоштасу уағызы сияқты болды. Бізге ақылыңызды айтыңыз», – дегенімізде, Ол с.ғ.с.: «Мен сендерге Алла Тағаладан қорқуға, бұйрыққа құлақ асып бойұсынуға өсиет етемін, тіпті сендерге бір құл бастық етіп қойылса да. Сіздерден кім өмірі болса көп алауыздықтарды көреді. Сол кезде сендер Менің сүннетім мен әділетті халифалардың жолына жаппай тіс-тырнақтарыңмен жабсыңдар! Сендер дінге жасалған жаңалықтардан сақтаныңдар, өйткені бидғаттың (дінге бөгде жаңалық) бәрі де – адасу».
Хадисті Әбу Нәжихтен р.а. Имам Әбу Дауд, Имам Термизи риуаят етті.
«Расулуллаһ с.ғ.с.: «Жәннатқа кіруден бас тартқандардан басқа бүкіл үмметім жәннатқа кіреді», – деді. Сонда Одан: « Я, Расулуллаһ с.ғ.с.! Жәннатқа кірдуне бас тартушы кім?», – деп сұрады. Ол кісі: «Кім Маған бағынса, ол жәннатқа кіреді, ал кім бағынбаса, ол бас тартқан болады», – деп жауап берді.
Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Бухари риуаят етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: