Мәсіге мәсих тарту

Мәсі деп аяқты тобығымен жауып тұратын аяқ киімді айтады.
Мәсі тері, киіз немесе басқа қалың нәрседен тігіледі.
Мәсіх деп мәсінің үстінен сулы қолды жүргізуді айтады.
Мәсіге мәсіх тарту ер, әйел, жолаушы және тұрғын адамдарға бірдей рұқсат етілген.
Ескерту: Кісілердің кейбірі жұқа шұлыққа (носкиге) мәсіх тартады, бұл шариғатқа мүлдем қайшы. «Шұлыққа мәсі тартыла ма?», деген сұраққа, олар: «Сахабалар тартқан ғой», деп жауап береді. Шарғи шындық пен рухани тазалықтан махрум жандарға көп өзді шығындаудың қажеті жоқ. Оларға таупық тілейміз.

Мәсіге мәсіх тартудың шарттары.
1. Аяқ киім тлық дәретпен киілген болу;
2. Мәсі аяқты тобыққа дейін жауып тұру;
3. Тобықтан төменгі жағында үш саусақ сиярлықтай жыртық болмауы;
4. Жүргенде аяқтан шешілмеу;
5. Мәсіх тартылғанда қолдың ылғалы ішке өтпеуі;
6. жаяу жүргенде кем дегенде екі шақырымдық немесе жарты сағаттық жолға жарайтын болу;
7. Аяқтардың басы сау болу. Саусақтары жоқ аяққа мәсі киілгенімен, мәсіге мәсіх тартылмайды. Аяқтың кесілген жерінің киім сыртынан тарту мүмкін.
Мәсіге алғанда оң қолдың үш саусағымен оң мәсі, сол қолдың үш саусағымен сол мәсі тұмсығынан бастап аяқтың мойынына қарай мәсіх тартылады. Бұл мәсіхтің парыз түрі.
Мәсіхтің мерзімі
Мәсіхтің мерзімі: муқим (тұрғын адам) үшін бір тәулік, мусафир (жолаушы) үшін үш тәулік. Яғни, муқим дәрет алып, аяғына мәсі кигеннен кейін бір тәулік бойы, ал мусафир үш тәулік бойы аяғын жумай, тек мәсісіне масих тартып жүре алады.
Мәсіхтің мерзімі мәсіні дәрет алып кигеннен кейін дәрет бұзылғаннан басталады. Мысалы, таңғы сағат сегізде дәрет алынып, аяққа мәсі киілгеннен кейін, сағат он бірде дәрет бұзылса, сол сағат он бірден бастап мәсіхтің мерзімі есептеледі.
Муқим кісі мәсіх мерзімі ішінде сапарға шықса, мәсісіне мусафир үкімінде мәсіх тарта бастайды.
Мусафир кісі мәсіх мерзімі ішінде муқим үкіміне ауысқаннан бастап, муқим үкімінде мәсіх тартады.

Муқим және мусафир
Муқим тұрған адам.
Ұзақтығы кем дегенде 80 шақырым жолға шыққан адам мусафир есептеледі, алайда бұл мөлшер қиналып, жапа шегіп баратындарға мүмкін. Ал автокөлікпен бара салып, қайтқандай , жол қиыншылығы болмаған сапар кемі 140 шақырым деп есептелгені артық.
Ұзақтығы 140 шақырымға шыққан адам тұратын ауыл немесе қаладан шыққаннан бастап, сапарынан оралғанша мусафир үкімінде болады.
Егер мусафир барған жерінде он бес күн тұруды ниет етсе, онда сол жерде намазын толық етіп оқиды, ол муқим үкіміне ауысады. Егер мусафир барған жерінде он бес күннен аз тұруды ниет етсе, онда жолда да, барған жерінде де мусафир үкімінде болады.
Мусафир барған жерінде он бес күннен аз тұрамын деп ниеттеніп, бір себептермен барған жерінде он бес күннен артық кідірген жағдайда, ол мусафир үкімінде бола береді.
Барған жерінде біраз күн өте бір себептермен он бес күннен артық қалуға ниеттенсе, ниеттенген мезгілінен бастап муқим үкіміне өтеді.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: