Игілік істеу жолдары

Алла Тағала айтады:
«(Ей, Мұхаммед с.ғ.с.!) Олар сеннен Алла Тағала жолында не жұмсайтындарын сұрайды. «Жақсылық істерде нені шығындасаңдар: ата-ана, жақындар, жетімдер, бишаралар мен жолда қиналып қалғандар үшін. Жақсылықтан не істесеңдер, күдіксіз Алла Тағала оны біледі», – де».
Бақара сүресі, 215 аят
«Кім игілік істесе өзінің пайдасы үшін».
Жасия сүресі, 15 аят
Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. айтады:
«Сіздердің әр буыныңызға садақа бар. Әрбір тасбих айту (Субханаллах – Алла Тағала кемшіліктен пәк деген сөз) – садақа. Әрбір тахмид (әлхамдүлиллах – Аллаға Тағалаға мақтау болсын деген сөз) – садақа. Әрбір таһлил (Лә иләһә иллаллаһ – Алла Тағаладан басқа тәңір жоқ деген сөз) – садақа. Әрбір тәкбир (Аллаһу әкбар – Алла Тағала ұлық деген сөз) – садақа. Әр жақсылыққа үндеу мен жамандықтан тыю – садақа. Ал осылардың бәріне сәске намазында қылған екі рәкәғаты орнын басады (яғни, сәске намазының сауабы сонымен тең болады).»
Хадисті Әбу Зардан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
«Иман жетпіс немесе алпыстан астам бөліктен тұрады. Оның ең абзалы – Лә иләһә иллаллаһ (Алладан басқа тәңір жоқ) деген сөз. Ал ең төменгісі – жолдан зиянды нәрсені алып тастау. Әрі ұялу – иманның бір бөлігі.
Хадисті Әбу Һұрайрадан р.а. Имам Бухари, Имам Муслим риуаят етті.
«Әрбір жақсылыққа үндеу сөзі – садақа».
Хадисті Жәбирден р.а. Имам Бухари және Хузайфадан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
«Жарты құрмамен (яғни, құрманың жартысын садақа етумен) болса да дозақтан сақтаныңдар!»
Хадисті әди ибн Хатимнен р.а. Имам Бухари, Имам Муслим риуаят етті.
«Алла Тағала бір кесек тағам жеп, Оған мақтау айтқан немесе бір жұтым сусын ішіп, Оған шүкіршілік еткен пендесінен разы болады.»
Хадисті Анас ибн Маликпен р.а. Имам Муслим риуаят етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: