Жақсылыққа ұмтылу

Жақсылықта (Алла Тағалаға итағатта болып, оның әмірлерін орындауда) жарысыңдар!» Бақара сүресі, 148 аят.

 «Раббыларыңның жарылқауына және тақуалар (Алла Тағалаға итағатта болып, Оның әміріне қарсы келмегендер) үшін әзірленген кеңдігі жер мен көктей жәннатқа асығыңдар!» Әли Ғимран сүресі, 133 аят.

 «Жолымызда діннің ақиқаттылығы үшін күрескендерді жарылқауымыз бен қамқорлығымызға алып келетін тура жолдарымызға саламыз. Рас Алла Тағала жақсылық істеушілермен бірге (оларға жәрдем беру арқылы).»
Ғанкәбут сүресі, 69 аят.

 «Раббыңа саған өлім келгенге дейін құлшылық ет!» Хижр сүресі, 99 аят.

 «Өздерің үшін алдын ала не жақсылық істесеңдер, оны Алла Тағаланың қасында табасыңдар. Ол зор сыйлық, үлкен сауап.» Мүзәммил сүресі, 20 аят.

 Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады:
«Пайғамбарымыз с.ғ.с. Алла Тағала айтты деп айтады: «Егер пенде Маған бір сүйем жақындаса, Мен оған бір кез жақындаймын. Егер ол Маған бір кез жақындаса, Мен оған бір құлаш жақындаймын. Егер ол Маған жүріп келсе, Мен оған жүгіріп келемін.»
Хадисті Анас ибн Маликтен р.а. Имам Бухари риуаят етті.

 «Нәби с.ғ.с. түнде тұрып намаз оқығанда аяқтары жарылғанша намаз оқитын еді. Мен ол кісіге: «Я, Алла Тағаланың Елшісі с.ғ.с.! Сіз с.ғ.с. бұны не үшін істейсіз? Алла Тағала Сіздің бұрынғы және кейінгі күнәларыңызды кешіп қойған емес пе?», дегенімде, Ол с.ғ.с. : «Мен шүкіршілік етуші құл болуымды қаламайын ба?!», деп жауап берді.»
Хадисті Айша анамыздан Имам Бухари, Имам Муслим риуаят етті.

 «Мәйітке үш нәрсе ере барады: отбасы, мал мүлкі және қылған амалы, оның екеуі отбасы мен байлығың кері қайтып, амалы онымен қалады.»
Хадисті Анас ибн Маликтен р.а. Имам Бухари және Имам Муслим риуаят етті.

 «Мен Алланың Елшісімен с.ғ.с. бірге түнегенімде, ол кісіге дәрет сумен басқа да қажетті нәрселерін әкеліп берген едім. Ол кісі: «Не қалайсың? Сұра!», деді. Мен: «Жәннатта Сізбен бірге болуды қалаймын», деп жауап бердім.
Бұдан басқа ше?
Тілейтінім осы.
Олай болса көп сәжде ету арқылы Маған көмектес!», деді.
Хадисті Әбу Фирастан р.а. Имам Муслим риуаят етті.

«Мен Расулалланың с.ғ.с.: «Көбірек сәжде (құлшылық) ет!Өйткені, сен Алла Тағалаға бір рет сәжде етсең, Ол сол арқылы сені бір дәрежеге көтеріп, бір қатеңді кешіреді», дегенін естідім.
Хадисті Әбу Абдуллаһтан р.а. Имам Муслим риуаят етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: