Білімнің артықшылығы туралы

Алла Тағала айтады:
«Раббым! Білімімді арттыр!» – де!» таһа сүресі, 114 аят.

 «Білгендер мен білмегендер тең бола ма?», – де» Зүмәр сүресі, 9 аят. «Алла Тағала сендерден иман келтіргендердің және ғылым бергендердің дәрежелерін көтереді.» Мүжәдалә сүресі, 11 аят. Пайғамбарымыз Мұхаммед с.ғ.с. айтады:
«кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған сол арқылы жәннатқа бару жолын жеңілдетеді».
Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Мүслим риуаят етті.

«Кім білім іздеу жолына түссе Алла Тағала оған жәннатқа бару жолын жеңілдетеді. Періштелер ғылым ізденушінің талабына разы болып, оның аяғының астына қанаттарын жаяды. Шын мәнінде, ғалымға көктегілер мен жердегілер, тіпті судағы киттерге дейін жарылқау тілейді. Қарапайым мұсылманнан ғалымның артықшылығы, айдың басқа жұлдыздардан артықшылығындай. Әлбетте, ғұламалар – Пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар мұраға динар немесе дирхам қалдырған жоқ, бәлкім ғылымды мұраға қалдырды. Кім Пайғамбарлардың с.ғ.с. мирасын алса, мол үлесті алған болады».
Хадисті Әбу Дардадан р.а. Имам Термизи, Имам Әбу Дауд риуаят етті. 
 «Ғалымның қарапайым мұсылманнан артықшылығы, МЕнің сендердің ең төменгі дәрежедегілеріңізден болған артықшылығындай. Шын мәнінде Алла Тағала және Оның періштелері, аспан мен жердегілер, тіпті ұясындағы құмырсқа мен теңіздегі киттер де адамдарға жақсылық үйретушіге салауат айтады (яғни, Алланың игілігін тілейді)».
Хадисті Әбу Үмәмәдан р.а. Имам Термизи риуаят етті. 

 «Дүниеде қызығушылық тек екі нәрседе. Бірі: Алла тағала бір кісіге дәулет беріп, оны халал жолға жұмсауын ұйғарса. Екіншісі: Алла Тағала бір кісіге даналық білімін беріп, ол сол арқылы дұрыс төрелік берсе және басқаларға үйретсе».
Хадисті Ибн Масғудтан р.а. Имам Бухари, Имам Муслим риуаят етті. 

 «Алла Тағала кімге игілік тілесе, оны дін ғылымынан хабардар етеді.»
Хадисті Муғауиядан р.а. Имам Бухари Имам Муслим риуаят етті. 

 «Адам баласы өлсе оның үш жолдан басқа амалдары кесіледі: жария садақа «ел игілігіне мешіт, жол, мектеп салу), көпке пайдасы тиіп жатқан білім, артынан дұға қылатын игі ұрпақ.»
Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Муслим риуаят етті. 

 «Ей, Әбу Зәр! Егер сен таңертең шығып Алла Тағаланың Кітабынан (Қасиетті Құран Кәримнен) бір аят үйренсең, ол жүз рәкәғат намаз оқығаныңнан артық. Егер сен ерте шығып, амал етілетін немесе амал етілмейтін білім үйренсең, сен үшін мың рәкәғат намаз оқығаныңнан артық!», – деді». Хадисті Әбу Зәрдан р.а.Имам Ибн Мажаһ риуаят етті. 

 «Бір фақиһ «шариғат танушы ғалым шайтанға мың қарапайым мұсылманнан қорқынышты».
Хадисті Абдуллаһ ибн Ғаббастан р.а. Имам Термизи, Имам Ибн МАжаһ риуаят етті. 

 «Садақаның ең абзалы – бір мұсылманын білім үйреніп, кейін оны мұсылман бауырына үйреткені».
Хадисті Әбу Һурайрадан р.а. Имам Ибн Мажаһ риуаят етті. 

 «Кім Менің мешітіме бір жақсылық үйрену, не үйрету үшін ғана келсе, ол Алла Тағала жолындағы күрескерімен тең болады. Кім басқа мақсатта келсе, ол бар болғаны біреудің дүниесін көруге келген адаммен тең болады».
Хадисті  Әбу Һурайрадан р.а. Имам ибн Мажаһ риуаят етті.

Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: