Жіктеу

Араб тілі   флективті  тілдердің  қатарына   жататындықтан  грамматикасында  өзіндік ерекшеліктері  бар. Мысалы,  басқа тілдерде  сөзжасам есім сөзден  жасалса,  араб тілінде  көптеген  есім сөздер  етістіктен  белгілі  бір үлгілер бойынша жасалады т.с.с.

Араб тілі  грамматикасы  صَرْف   сарф  және نَحْو  наху болып екіге  бөлінеді. صَرْف    Сарф  (морфология)  сөз және  оның  формалары  туралы ілім. Араб тілінде  морфология  негізінен  етістікті, оның  баптарын, түрлерін және   етістіктен және   есімнен  жасалған  туынды  есім сөздерді   зерттейді. نَحْو Наху (синтаксис) –  сөз тіркесі және сөйлем  туралы ілім.  Араб тілінде синтаксис  сөздің сөйлемдегі  орын  тәртібін және  сөздің соңғы   харакатының  өзгеруін зерттейді.

           

Семит  тілдер   тобына жататын   араб тілі алғашқыда  тек Араб  жарты аралында  ғана қолданылған.  Хижраның  1 ғасырынан  бастап ислам  дінінің дүние жүзіне  кең  таралуына байланысты  араб тіліне  қажеттілік  арта  түсті.  Классикалық  араб тілінің негізі қасиетті Құран тілінен бастау алады.  Осыған  орай ертеден бастап-ақ араб филологиясы дамып,   оның  грамматикасысн және тілдік сөздіктерін  жүйелеу  жұмыстары қалыптастырыла   бастады. Бұл жұмыс алғашында  Басрада, кейін Куфада  жүзеге  асты.  Соның нәтижесінде  Басра және Куфа  мектептері  пайда  болды.

           

 Араб тілі  филолологиясын алғаш рет Хижра І ғасырының 2 жартысында Әби Әсуад ад-Дуали (69 араб жыл санауы бойынша / біздің жылымен 689 жылы) зерттеген. Бұл істі  бастауға Хазірет Али ибн Әбу Талиб ықпал еткен.  

Араб тілінде орыс тілі сияқты әйел тегі және ер тегі болып екіге бөлінеді. Сосын оларда жекеше, екілік түрі, көпше түр болып үшке бөлінеді. 

اِسْمُ  الضَّمِير 

Жіктеу есімдігі  

Жекеше түрі – اَلْمُفْرَدُ

  оқылуы әйел тегі оқылуы Ер тегі  
1 жақ Мен Әнә اَنَا Әнә اَنَا الْمُتَکَلَّمُ
2 жақ Сен Әнти اَنْتِ Әнтә اَنْتَ الْمُخَاطَبُ
3 жақ Ол Һиә هِيَ Һүә هُوَ الْغَائِبُ

Екілік түрі – اَلمُثَنَّي

  оқылуы Әйел тегі оқылуы Ер тегі  
1 жақ Біз Нәхнү نَحْنُ Нәхнү نَحْنُ الْمُتَکَلَّمُ
2 жақ Сен екеуің әнтүма اَنْتُمَا әнтүма اَنْتُمَا الْمُخَاطَبُ
3 жақ Ол екеуі һүма هُمَا һүма هُمَا الْغَائِبُ

Көпше түрі – اَلْجَمْعُ 

  оқылуы Әйел тегі оқылуы Ер тегі  
1 жақ Біз Нәхнү نَحْنُ Нәхнү نَحْنُ الْمُتَکَلَّمُ
2 жақ Сендер Әнтүннә اَنْتُنَّ Әнтүм اَنْتُمْ الْمُخَاطَبُ
3 жақ Олар Һүннә هُنَّ һүм هُمْ الْغَائِبُ
Advertisements

Пікір қалдыру

Please log in using one of these methods to post your comment:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out / Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out / Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out / Өзгерту )

Google+ photo

You are commenting using your Google+ account. Log Out / Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: