Пайғамбарымызы с.а.с. айтады:
«Тазалық – имандылықтың жартысы.»
Хадисті Әбу Маликтен р.а. Имам Муслим риуаят етті.
«Мұсылман яки мүмин пенде дәрет алып жатып бетін жуса,көздерімен қарап істеген әр күнәсі дәрет суымен немесе судың соңғы тамшысымен жүзінен жуылып кетеді. Егер қолын жуса, қолымен істеген әр күнәсі дәре т суымен яки судың соңғы тамшысымен жуылып кетеді. Егер аяғын жуса, аяғымен жүріп істеген күнәлері дәрет суымен яки судың соңғы тамшысымен жуылып кетеді. Осылайша пенде күнәлардан таза арылып шығады.»
Хадисті Әбу Хұрайрадан р.а. Имам Термизи риуаят етті.
«Кім дәретін кемшілііксіз алып, кейін: «Мен: « Лә илаһә иллаллаһ, уахдәһу лә шәриикә ләһ, уәшһәдү әннә мухаммадан абдүһү уә расулуһ» (Аллаһтан басқа тәңірі жоқ, Ол жалғыз оның серігі жоқ және Мухаммед с.а.с. оның құлы әрі елшісі) – деп куәлік беремін! – десе, ол үшін сегіз жаннаттың есігі ашылы, ол қалағанына кіретін болады.
Хадисті Омар ибн Хаттабтан р.а. Имам Муслим риуаят етті.
«Дәретті бола тұрып қосымша дәрет алған кісіге Аллаһ сол арқылы он сауап жазады. Хадисті Ибн Омардан р.а. Имам Термизи риуаят етті.
Жарылған немесе сынған, шыққан буынға танылған шүберекті араб тілінде әл-джәбира деп атайды.
Таңғыш жуылмайды. Сол себепті, дәретте жууға келген мүшелер жуылып, жағдайға қарай таңғыштың бәріне мәсіх тартылады. Судың тиюі зиянды болса, таңғышқа мәсіх орнына топыраққа қол соғып, таңғыштың сыртынан таяммум жасаса да болады.
Таңғышты дәрет алып, соң таңу шарт емес.
Дәрет алынғаннан кейін жарадағы таңғыш түссе, дәретте, мәсіхте бұзылмайды. Сол күйінше намаз оқуға болады. Таңғышты ауыстырғанда да солай.
Көп су зиянды болған жағдайда таңғышы жоқ жараға да мәсіх тартқан дұрыыс. Егер ол да зиян болса, құрғақ таяммум де болады. Таңғышқа мәсіх тартудың белгіленген мерзімі жоқ. Жарақат жазылғанға дейін үстіне жағдайға қарай мәсіх тартыла береді.
Сәлде, қолғапқа мәсіх тартылмайды.
Әлемнің түрлі ұлтты, тілді, нәсілді 1 миллиард 300 милионнан астам халқы ұстанып отырған ислам дінінің тарих сахнасына көтерілгеніне де он-бес ғасырдан асты. Ол жазирату-л-араб деп аталатын осы күнгі Араб түбегінде дүниеге келді. Алла тағала қасиетті Құран Кәрімді осы елдегі Құрайш тайпасынан шыққан Абд Аллаұлы Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымызға уахи етті.
Алла тағала адам баласын қараңғылық зұлматы мен адасушылықтан – қайырым, шапағат, рақым, мейірім, яғни тура жолға салу үшін әр кездері пайғамбарларын жіберіп отырды және оларды белгілі бір қауымдардан шығарды. Пайғамбарларға Алла тағала қасиетті кітабы - өмір сүру заңын да қоса жіберді. Адам баласы соны басшылыққа алып, айқын да дұрыс жолмен жүрсін деді. Бірақ олар пайғамбарларды тыңдамады, жөн сөзді теріске балап, жаһил тірліктерін жалғастыра берді. Ақырында Жаратушы иеміз қиянатшыл қоғамдарды жойып жіберді. Толығырақ
(Кәсіпкер Хайролла Ғабжалиловтің демеушілік қызметі жөнінде)
Мемлекеттік “Мәдени мұра” бағдарламасы жөніндегі Президент Н.Ә.Назарбаевтың шешімі атақты халиф әл Момынның (Харун әл Рашидтің ұлы) заманын еске салады. Өзі басқаратын қоғамның рухани сұранысын дәл басып түсінген ұлы билеуші әрі ғалым 832 жылы Бағдатта “Даналық үйін” аштырып, оған тұрақты түрде қаржылай қолдау жасап, сирия, грек және араб тілдерін тең әрі жетік меңгерген аудармашы мамандарды тартып, сол арқылы аудармашылар қозғалысына жол салады. Міне, осы “Даналық үйінде” аудармашылар антикалық пәлсапалық ғылыми еңбектерді араб тілінде сөйлете бастайды. Бұл әлемдік тәжірибеде соған дейін болмаған, мұсылмандық қайта өркендеуге және өркениетаралық өзара ықпалдастыққа жол ашқан ғажап құбылыс еді. Бұл мәдениет және ғылым орталығында аудармашылық өнері ғана қалыптасу сәтін басынан кешіріп қойған жоқ, сонымен бірге мұнда түрлі қолжазбаларды (лат. manuscrіptum) мақсатты түрде жинау және сақтау ісі де жолға қойылды.Толығырақ
“Нұр-Мүбарак” Египет Ислам мәдениеті университетінің ректоры, профессор Махмуд Фаһми ХИДЖАЗИ мырза бүгін бізбен өзі басқарып отырған оқу орнының бүгінгі таңдағы тыныс-тіршілігі, келешекте атқарылатын іргелі жобалары төңірегінде ой бөліседі. Толығырақ
2000 жылы хижабтағы қалыңдықтың көйлегін көріп таң қалған едім. Ол қыз Түркиядан тапсырыспен тіктіртіп алды. Бірақ суреті жанымда жоқ. Көбіне осы хижабтағы қыздар тойға не киеміз деп қиналып жүретін еді. Енді міне сендерге ұсынып отырмын. Ұнаған стилді аласың ғой. Арасында түріктің ескі османлы киім үлгісі кеткен. Оған қарамауға болады.
Бұл қыз Қызылорда қыздар қазақ-түрік лицейінде оқиды. Бұл қыз халықаралық түрік тілі олимпиадасында Ана туралы жыр оқып екінші орын алды. Бірінші орынды бір орыс қызына берді. Қазақтарда небір дарындар бар ғой, қалай тамаша сөйлейді. Менің сай-сүйегім сырқырап кетті. Шынымен өте ащы.
Мәсі деп аяқты тобығымен жауып тұратын аяқ киімді айтады.
Мәсі тері, киіз немесе басқа қалың нәрседен тігіледі.
Мәсіх деп мәсінің үстінен сулы қолды жүргізуді айтады.
Мәсіге мәсіх тарту ер, әйел, жолаушы және тұрғын адамдарға бірдей рұқсат етілген.
Ескерту: Кісілердің кейбірі жұқа шұлыққа (носкиге) мәсіх тартады, бұл шариғатқа мүлдем қайшы. «Шұлыққа мәсі тартыла ма?», деген сұраққа, олар: «Сахабалар тартқан ғой», деп жауап береді. Шарғи шындық пен рухани тазалықтан махрум жандарға көп өзді шығындаудың қажеті жоқ. Оларға таупық тілейміз. Read more »