Жазылған уақыты Ақпан 20, 2008 жазған tomiris
Араб тілінде ( الصَّلاه әссоләһ) деп айтылады.
الصَّلاه (намаз) сөзі:
Тіл саласында: Дұға деген мағынаны білдіреді. Бұған дәлел Тәубе сүресінің 103 аяты. Алла Тағала айтады: “(Мұхаммед с.а.с.) Олардың жаназаларын оқы, өйткені Сенің дұғаң оларға демеу.”
Шариғат саласында: Басы тәкбирмен басталып, соңы сәлеммен бітетін орындалуы шариғат үкімдерімен белгіленген сөздер мен амалдар. Намаз діннің тірегі, ғибадаттың ең абзалы, пенденің мұсылман екендігінің [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Қаңтар 13, 2008 жазған tomiris
Бұл клип блоггер Ботамыздың жасаған туындысы еді. Жамылған қыздардың суреттер жинағы мен түрік киносы Маусым түні (Haziran gecesi) Жаңбыр (Yağmur) атты өлеңімен оранжировкасын жасаған.
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Желтоқсан 29, 2007 жазған tomiris
Пайғамбарымызы с.а.с. айтады:
«Тазалық – имандылықтың жартысы.»
Хадисті Әбу Маликтен р.а. Имам Муслим риуаят етті.
«Мұсылман яки мүмин пенде дәрет алып жатып бетін жуса,көздерімен қарап істеген әр күнәсі дәрет суымен [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Желтоқсан 29, 2007 жазған tomiris
Жарылған немесе сынған, шыққан буынға танылған шүберекті араб тілінде әл-джәбира деп атайды.
Таңғыш жуылмайды. Сол себепті, дәретте жууға келген мүшелер жуылып, жағдайға қарай таңғыштың бәріне мәсіх тартылады. Судың тиюі зиянды болса, таңғышқа мәсіх орнына топыраққа қол соғып, таңғыштың сыртынан таяммум жасаса да болады.
Таңғышты дәрет алып, соң таңу шарт емес.
Дәрет алынғаннан кейін жарадағы [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Мәсі деп аяқты тобығымен жауып тұратын аяқ киімді айтады.
Мәсі тері, киіз немесе басқа қалың нәрседен тігіледі.
Мәсіх деп мәсінің үстінен [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Таяммүм сөзі:
• Тіл саласында: таза жер жынысын қолдану арқылы тазару;
• Шариғат саласында: тазару ниетінде таза жер жынысымен бет пен екі қолды шынтаққа дейін сипау деген ұғымды білдіреді.
Су болмаған жағдайда таяммүм дәрет және ғұсыл орнына жүреді. Өйткені, Алла Тағала Ниса сүресінің қырық үшінші аятында:
«Егер ауру немесе сапарда болсаңдар немесе сендерден біреу түзге шығып келсе яки әйелдерге [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Араб тілінде дене дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады.
Мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады.
1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе;
2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса;
3. Жыныстық қатынастан соң;
4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда;
5. Нифас бала тапқаннан кейінгі жағдайда;
6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса;
7. Мұсылман дүниеден озғанда.
Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі.Онсыз намаз оқу, тіләуат сәждесін [...]
Жазылған : Ислам | 3 Пікірлер »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Дәрет ниеттену және «Бисмиллаһ» деумен басталады.
· Екі қол білекке дейін жуылады.
· Оң қолмен ауызға үш рет су алынып, шайылады.
· Мұрынға үш рет оң қолмен су алынып, сол қолмен сіңбіріледі.
· Бет үш рет толық жуылады.
· Әуелі сол қолмен оң білек, кейін оң қолмен сол білек шынтақтарымен қоса жуылады.
· Сулы қолмен бастың төрттен бірі, құлақтың іші [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Су тазалық тұрғысынан бес түрге бөлінеді:
1. Иісі, түсі, дәмі бұзылмаған және пайдаланылмаған су. Судың бұл түрін – мұтлақ, яғни таза, әрі тазартушы, қолданылуы мәкруһ болмаған сулар деп айтады. Мысалы, жаңбыр, қар, бұршақ, бұлақ, теңіз, көл, өзен сулары судың мұтлақ түріне жатады.
Үкімі: дәрет, ғұсылға, нәжіс пен ластықты кетіргенге және ауыз суға жарайды.
2. Таза, әрі тазартушы, бірақ [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »
Жазылған уақыты Шілде 16, 2007 жазған tomiris
Бүкіл әлемді жаратқан Алла Тағала бізге көптеген игілік берген. Мысалы, он екі мүшеміздің саулығы, жеген ішкеніміз, мұсылман болуымыз. Осылардың шүкіршілігі үшін Жаратушымызға итағатта болып, оның әмірлеріне бойұсынып, тыйым салған нәрселерінен тыйылуға міндеттіміз.
Алла Тағаланың әмірі бойынша осы міндеттердің орындалуы - ғибадат деп аталады.
Ғибадат Алла Тағаланың әмірі болғандығы үшін жалғыз Алла Тағалаға жасалады және қалай әмір еткен [...]
Жазылған : Ислам | Пікірлер жоқ »